Шомконың қай клубқа ауысқаны белгілі болды

Дмитрий Шомко. Сурет: ФК "Ротор"©

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко мансабын "Нижний Новгород" сапында жалғастырады. Бүгін, 14 маусым күні ол РПЛ-ға жолдама алған клуб қатарына өтеді, деп хабарлайды Meta-Ratings.kz.

Қазақстандық спортшы іріктеусіз бірден келісімшартқа қол қоюға барады. Шомконың "Нижний Новгород" командасымен келісімге келуі, кезінде "Астана" және Қазақстан құрамасы сапындағы жаттықтырушысы болған, Станимир Стойловтың клубқа жетекшілік етуі туралы ақпаратқа қатысы жоқ.

Еске салайық, қыста Шомко "Астана"  сапынан "Ротор" клубына ауысқан еді. Бірақ волгоградтық команда РПЛ-ден шығып қалып, спортшы өзін дұрыстап көрсете алмаған болатын. Алған жарақаты кедергі келтіріп, ол тек екі ойынға ғана қатыса алды. 

 

Метки: