Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чеснаков Еуро-2024 іріктеуіндегі Словениямен матчке (1:2) қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ішіміз қаусап, үңірейіп қалды. Бар күшімізді бердік. Бізге қолдау білдірген барлық жанкүйерлерге және осы жерге келгендерге алғыс білдіреміз. Қазір ішкі дүниеміз үңірейіп тұр. Екінші голға бірдеңе жетпеді ме? Айту қиын, бірақ әлі де гол соға аламыз деген сезім болды. Алайда бұл футбол, мұндай болады. Адиев не айтты? Қатты ештеңе айтпады, осы цикл үшін алғыс қана", - дейді Чесноков.