Шетелде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық футболшының трансферлік құны өзгерді

27 желтоқсан 2019 17:38
© "Динамо Брест" ФК
Беларуссия чемпионатында "Динамо-Брест" сапында ойнайтын қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильевтің тарнсферлік құны түсіп кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Динамо-Брестке" ол өзге беларуссиялық клуб "Энергетик-БГУ" сапынан өтіп, 2022 жылға дейін келісімшартқа қол қойды.  Ол кезде футболшының трансферлік құны 250 мың еуро болған, кейін жарты миллионға көтерілді. Ал желтоқсанда оның құны бресттік клубпен БАТЭ командасының ұлттық чемпионаттағы 13 жылдық үстемдігін тоқтатқанымен 450 мың еуроға түсіп қалды. 

Васильев Беларуссияда 2018 жылдан өнер көрсетіп келеді. Ал Қазақстанда Қарағанды тумасы "Шахтер" намысын қорғаған.

Биыл көктемде 22 жастағы хавбек Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамасына енді, ал күзде оны Еуро-2020 іріктеуінде Ресей және Кипрге қарсы ойынға шақырмақ болған, алайда, ойыншы одан бас тартты.

Айта кетейік, осы маусымда "Динамо-Брест" командасынан 42 жастағы чехиялық бапкер Марцел Личка кеткен еді.
Жаңалықтар