Белгілі Sportskeeda.com басылымы "Қайрат" пен "Олимпия" арасындағы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің жауапты матчының болжамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 15 шілде Алматыда өтетін ойын сағат 20:00-де басталады.
"Алматылық "Қайрат" өткен сейсенбі күні Словенияда өз мінезін көрсетті. Олар "Стожице" стадионында іріктеу кезеңінің бірінші матчында "Олимпиямен" 1:1 есебімен тең ойнады.
Ал "Олимпия" болса, өткен жылғы ойынынан шабыт алады. Ол кезде Диогу Пинту 59-минутта Дастан Сәтбаевтың голына жауап беріп, команданың жеңіске жету мүмкіндігін сақтап қалды.
"Олимпия" – бұл жарыста тәжірибелі команда, бірақ, біз "Қайрат" өз алаңындағы артықшылықты барынша пайдаланып, келесі кезеңге өтеді деп ойлаймыз.
Болжам: "Қайрат" – "Олимпия" 2:1", – деп жазады басылым.
Еске сала кетейік, Люблянада өткен алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелген болатын.
Сырт алаңдағы ойында "Қайрат" сапынан 16 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев гол салған еді.
Жарнама