Шешуші ойын! Словения - Қазақстан матчіне трансляция

©ҚФФ

Бүгін, 21 қарашаға қараған түні Еуро-2024 турниріне іріктеудің оныншы турында Словения мен Қазақстан құрамалары матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Любляна қаласында өтетін кездесу Астана уақытымен 01:45-те басталады. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Сонымен бірге, матчтің интернет-трансляциясын телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады. 

Бұл матч алдында Словения құрамасы 19 ұпаймен Н тобында екінші тұр, ал Қазақстан 18 баллмен словениялықтарды өкшелеп келеді. Бұл топта бірінші орындағы Дания 22 ұпаймен Еуроның финалына жолдама алып қойды. 

Еуро-2024 турнирінің келесі кезеңіне әр топтан тек алғашқы екі команда шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport