Шешуші ойын. "Реал" мен "Барселона" Испания суперкубогіне таласады

©bukmekerov.net

Кеше, 12 қаңтарда "Барселона" Испания суперкубогінің 1/2 финалында "Бетисті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирді қабылдаған Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядтағы "Кинг Фахд" стадионында өткен ойын пенальти сериясымен аяқталды - 4:2. Негізгі және қосымша уақытта есеп тең болды - 2:2.

16 қаңтарда "Реал" мен "Барселона" финалда кездеседі. Мадридтік клуб жартылай финалда "Валенсияны" ұтқан еді (1:1 - 4:3 пенальти сериясы).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport