Бүгін, 26 тамызда"Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчте Шотландияның "Селтик" клубымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өтетін кездесу 21:45-те басталады. Бұл матчті Qazsport телеарнасы тікелей көрасетеді, эфирдің басталуы 21:35.
Чемпиондар лигасының "Қайрат" – "Селтик" матчының тікелей трансляциясы
Еске салайық, Глазгода өткен алғашқы ойында қарсыластар 0:0 есебімен тең түскен болатын.
Егер қарымта ойында "Қайрат" жеңіске жетсе, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.
Ал ұтылған жағдайда алматылық команданың Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігі болады.
Жарнама