Италияның "Милан" клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалының алдында-ақ турнирде кім жеңімпаз болатынын айтыпты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Кім жеңетінін тағдыр жазып қойған сияқты, кімді айтып отырғанымды білесіздер. Трофейді Месси басына көтереді деп ойлаймын, бұл шешіліп қойған", - деп береді Ибаргимовичтің сөзін Goal.
Еске салайық, Аргентина жартылай финалда Хорватияны ұтты (3:0), енді 1/2 финалдың екінші ойынында Франция - Марокко матчі өтеді.
Финал 18 желтоқсанға белгіленген, ал үшінші орын үшін ойын бір күн бұрын болады.