Шешенстандық клуб қорғаушысы Қазақстан құрамасының ойындарына шақырылды

29 қыркүйек 2020 13:56
Марат Быстров. Сурет: "Ахмат" ФК
Грозныйлық "Ахмат" қорғаушысы Марат Быстров Ұлттар лигасындағы Албания мен Беларуське қарсы ойынға қатысу үшін Қазақстан құрамасына шақырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Быстров "Ахмат" сапына маусым басында шымкенттік "Ордабасынан" ауысқан болатын. Ресей чемпионатында ол алты матчте ойнады. "Ахмат" 13 ұпай жинап, тоғыз тур қорытындысы бойынша 10-шы орында келеді. 

Маратты Қазақстан құрамасының қыркүйектегі ойындарына да шақырған. Ол Литваны ұтқан матчте ойнады, ал Беларустьтен ұтылғанда қосалқы ойыншылар орындығында отырды. 

11 қазанда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Албаниямен, ал 15-ші қазанда Беларусьпен кездесу өткізеді.