Футбол
29 қыркүйек 2021 09:49

"Шериф" сенсациясы мен Мессидің бірінші голы. Чемпиондар лигасының сегіз ойыны өтті

©Sport24

Чемпиондар лигасы топтық кезеңі екінші турының сегіз ойыны өтті, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл турда өзіндік сенсация да болды. 

Осылайша, молдовалық "Шериф" Мадридте өткен ойында "Реалды" 2:1 есебімен ұтты. Жеңімпаздар сапынан Джасурбек Яхшибоев (25-минут) және Себастьян Тилль (90) гол салды. Алаң иелерінен Карим Бензема (65-минут, пенальтиден) допты қақпаға дәл бағыттай алды. Осылайша, бұл турнир дебютанты алты ұпаймен топта көш бастады.

А квартетінде франциялық "Пари Сен-Жермен" өз алаңында "Манчестер Ситиді" ұтты - 2:0. Гол салғандар Идрисса Гуэй (8-минут) және Лионель Месси (74). Бұл аргентиналықтың жаңа клуб үшін салған бірінші добы. Сонымен қоса, ПСЖ алғаш рет "МанСитиді" ұтып отыр.

Германиялық "Лейпциг" өз алаңында бельгиялық "Брюгге" командасына есе жіберді, есеп 1:2. Алаң иелерінен Кристофер Нкунку (5-минут) салған допқа, бельгиялықтар Ханс Ванакен (22-минут) және Матс Ритстің (41) голымен жауап берді.

B тобында англиялық "Ливерпуль" сырт алаңда "Портуды" 5:1 есебімен ойсырата ұтты. Алаң қонақтарынан Мохамед Салах (18 және 60-минут), Садио Мане (45) және Роберто Фирмино (77, 83) гол соқты. Португалиялықтардан Мехди Тареми 75-минутта бір гол сала алды.

Осы топтың өзге ойнында италиялық "Милан" өз алаңында мадридтік "Атлетикодан" ұтылды - 1:2. "Милан" сапынан голды Рафаэл Леау (20-минут) салды, ал қарсыластарынан Антуан Гризманн (84-минут) және Луис Суарес (90+7, пенальти) гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport