Футбол
24 қазан 16:48
 

Шерхан Қалмырза алаң ортасынан қақпасына гол соқтырып алды

  Пікірлер

blog.share

Шерхан Қалмырза алаң ортасынан қақпасына гол соқтырып алды ©

«Қайрат-Жастар» командасы өз алаңында «СД Фэмилимен» кездескен ойында күтпеген эпизод тіркелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

«Қайрат-Жастар» командасы өз алаңында «СД Фэмилимен» кездескен ойында күтпеген эпизод тіркелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

83-минутта қонақтар сапындағы ойыншы Артур Дадаханов алаң ортасынан соққы жасап, алматылықтардың қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны қапы қалдырды.

Бұл гол – «СД Фэмили» командасының осы матчтағы жалғыз добы болды. Кездесуде  «Қайрат-Жастар» 5:1 есебімен жеңіске жетті.

18 жастағы Шерхан Қалмұрза — «Қайраттың» негізгі қақпашылары Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбековтің жарақатына байланысты мүмкіндік алған жас голкипер. Ол алматылық клуб сапында алғаш рет «Ақтөбеге» қарсы өткен матчта (1:0) дебют жасаған болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бірінші лига (@birinshiliga)

Одан кейін Қалмұрза Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Спортинг» (1:4) және «Реал» (0:5) командаларына қарсы екі ойын өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!