Испания спорт агенттігі ассоциациясының президенті Педро Браво El Chiringuito TV арнасының тікелей эфирінде мадридік "Реалдың" жұлдызы Винисиус Жуниорды нәсілдік тұрғыда мазақ етті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бравоға "Реал" шабуылшысы гол соққан соң оны бимен тойлағаны ұнамайды екен.
"Егер сен самбо билегің келсе, би алаңына бар. Бұл жерде сен қарсыластарыңды сыйлау керексің. Өзіңді маймыл сияқты ұстағанды қой", - деді Браво.
Биылғы маусымда Винисиус Испания чемпионатында бес кездесуге қатысып, төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
22 жастағы шабуылшы "Реал" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.