Шектен шыққан ерсілік. Ақтаудағы "Астана" матчі бассыздыққа айналған сәттің видеосы
Футболдан Қазақстанның Olimpbet-кубогының Ақтауда өткен ширек финалдық матчі өте ерсі аяқталды. Бұл ойында жергілікті "Каспий" командасы "Астананы" қабылдаған болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан Қазақстанның Olimpbet-кубогының Ақтауда өткен ширек финалдық матчі өте ерсі аяқталды. Бұл ойында жергілікті "Каспий" командасы "Астананы" қабылдаған болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.
Экстра-таймда астаналық команда ұтты, осыдан кейін трибунадағы жанкүйерлер жеңімпаздарға түрлі зат лақтыра бастады. Ал бірі доппен Тигран Барсегянды ұрды.
"Астана" футболшыларына трибунадан балағат сөздер айтылды. Бір уақытта алаңдағы командалар жаға жыртыса бастады.
Еске салайық, бұл командалар арасындағы қарымта ойын болатын. "Астана" 1:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.
Жарнама