"Шекарашылар есірткі деп ойлады". Журналист Жолшиевтің Голландияда насыбаймен ұсталғаны жайлы

Бауыржан Жолшиев. Сурет: "Астананың" баспасөз қызметі
Журналист Айдын Қожахмет Gol.ru порталына берген сұхбатында "Астананың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Бауржан Жолшиевпен болған қызық жағдай туралы және футболшы қазір немен айналысып жүргенін айтып берді. 

"2011 жыл Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда франциялықтармен ойнау керек. Ол кезде федерациядамын, командамен бірге ұштым. Франция құрамасы сұмық еді: Гризманн, Ляказетт, Варан, Мангаля. Амстердам арқылы ұштық.

Металл тексеруші арқылы өтіп жатқанбыз. Бауыржан Жолшиевке келгенде бірдеңе шиқылдай бастады. Шекарашылар қалтасындағыны алып көрсетуді сұрады. Ол шақша алып шықты. Шөпке ұқсайтындықтан шекарашылар не екенін түсінбей дал болды. Есірткі екен деп ойлады. Голландияда шөптес түрлерін қолдануға рұқсат етілгенімен, тасымалдауға тыйым салынған. Шу көтерілді. Мен жүгіріп келіп қарасам, онда кәдімгі насыбай. Бізді қорқыта бастады: жігіттер мынау үлкен әңгіме деп. 

Команда, бапкер - бәрі дүрлігіп кеткен. Бірақ менеджер тапқырлық танытып: бұл тіс ауруын басатын дәрмек, Жолшиев оны дәрілік қасиеті үшін пайдаланады деді. Ешқандай есірткі емес, тексерсеңіздер болады деді.

Олар тексерді: жақсы, бірақ, алып өтуге рұқсат ете алмаймыз деді. Бауырға: "Таста енді" дедім. Ол таңғала қарап: "Менде басқа жоқ қой" деп жауап берді. Ақыры тастауға мәжбүр еттік. Енді рейске бара жатсақ, Бауыр шекарашылар жанынан кетпейді. Урнаға тастаған насыбайды ала алмай жүр. Күшпен сүйреп алып кеттік. 

Осыдан кейін бапкер оны тәртіпке салу үшін құрамға қоспады. Бірақ ол мұны түсінбеді-ау. 

Ол Марио Балотелли сияқты. Ешкім түсіне алмайды, тіпті жақын араласқан жігіттер де. Шынымен өте талантты болды. Жұлдыз бола алатын еді. Алайда футболды 25 жасында (2015 жылы) тастады.

Сосын ол талап қойды. Жылына миллион еуро төлейтін және үстеме миллион беретін командада ойнаймын деп. Әлбетте мұндайды ешкім бермейді. Агенттер Ресейде мүмкіндіктер барын айтты. Ол болса: "Тек мәскеулік клубтарға барамын, "Амкара" мен "Урал" сияқты ауылдар қызықтырмайды" деп жауап берді. 
 
Бізде ең үлкен еңбекақы "Астанада". Ең жоғарғысы айына 100 мың доллар болар. Оның өзі бір-екі ойыншыда ғана.

Екі жылдай бұрын Жолшиев карьерасын қайта жалғастырмақ болды. "Астананың" бақылау матчтеріне қатысты. Бапкер жаттығу жиындарында риза болды, командаға алғысы келді. Ол болса: "Шартымды білесіздер, әлі өзгерген жоқ демесі бар емес пе". Сөйтіп қайтадан клубсыз қалды. Қазір өз білгенінше күн көруде. Қала чемпионаттарында ойнайды. Жұмыс істемейді. Біраз толып кеткен болатын. Қазір өзін қайта қолға алып, досына футбол мектебінде көмектеседі", - дейді Қожахмет.