Шара қолданбақ. "Қайрат" - "Тараз" ойынынан кейінгі даудың мән-жайы белгілі болды

Сурет: "Тараз" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші турындағы "Қайрат" - "Тараз" матчінен кейін бас төреші Григорий Московченкоға алматылық клуб басшылығы сөгіс түрінде наразылығын білдірген,- деп хабарлайды Vesti.kz

"Қайрат" клубының өкілдерінің арбитрдің өткен аптадағы жұмысына көңілі толмады. Куәгерлер мен матчке қатысушылардың сөзінше, ойын аяқталғаннан кейін трибуна астындағы жайда алматылық клуб жетекшілерінің бірі эмоцияға беріліп, Московченконы біліксіздік пен командаға теріс көзқарас үшін айыптаған.

Ойынға "Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев пен ҚКФЛ президенті Олжас Абраев қатысқанын айта кетейік. 

Мәлімет көзінің Vesti.kz басылымына берген ақпараты бойынша, "Қайрат" басшылығы команданы ҚПЛ-ден шығармайды, алайда, "Таразбен" ойындағы төрешіні шеттетіп, алдағы ойындардағы төрешілік сапасын арттыруды талап етпек. 

"Қайрат" ҚПЛ-ден шығамыз деп төндірді. Боранбаев төрешілерге ашулы