Футбол
3 қыркүйек 2020 13:24

"Шаманға айналған". ПСЖ мен "Челси" футболшысы адам танымастай өзгерген

Сурет: Sky Sports
Лондондық "Челси" мен париждік ПСЖ клубтарының бұынғы ойыншысы Матея Кежман сақалын қауғадай етіп өсіріп, адам танымастай өзгеріп кеткен, - деп хабарлайды Eurosport.


"Форвард еді, шаманға айналыпты", - деп жазылған Serbian Football басылымының твиттер-аккаунтында жарияланған сурет астында.



41 жастағы Кежман голландиялық ПСВ, мадридтік "Атлетико", түркиялық "Фенербахче", питерлік "Зенит" және тағы бірнеше белгілі командаларда ойнаған.

Шабуылшы Сербия мен Черногория құрамалары үшін 49 матч өткізіп, 17 гол салған екен.