"Шал бәрін құртты". Хамитов ӘЧ финалы жайлы

19 желтоқсан 2022 10:50
©instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық ММА шебері Қуат "Найман" Хамитов Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мундиальдің шешуші матчінде Аргентина мен Франция ойнады. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, пеналти сериясында аргентиналықтар басым түсті. 

"Бұл бұрын-соңды тамашалаған әлем чемпионатының ең мықты финалы! Міне матч деп осыны айт!

PS: Турнир басында Роналду мен Месси финалда жолығады деп ойлағанмын, бірақ шал бәрін құртты", - деп жазыпты Хамитов әлеуметтік желіде. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар