Футбол
19 қыркүйек 2022 16:12

"Шахтердің" шет елдік футболшыларға қарызы бары анықталды

©"Шахтер" ФК

Босниялық жартылай қорғаушы Эдин Рустемович "Шахтер" командасынан кетті, деп жазады SportSport порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, клубтың футболшыға берешегі бар. Енді Рустемович қарызын Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) арыз жазып қайтаруы мүмкін. 

Еске салайық, 29 жастағы футболшы қарағандылық командадан кетіп, "Радник" командасымен келісімшарт жазғаны белгілі болған еді. 

Айта кетейік, 2022 жылғы маусымда Рустемович "Шахтер" сапында 11 кездесу өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport