"Шахтердің" мықты футболшыларының бірі командадан кететінге ұқсайды

Сурет: "Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтердің" ресейлік жартылай қорғаушысы Арсен Хубулов командадан кеткелі жүр, деп хабарлайды Vesti.kz. Футболшы көптен бері командада жоқ көрінеді.

Ресми ақапарат бойынша, Хубулов Ресейге кетіп, жарақатынан сауығып жатыр. Алайда, "Шахтер" футболшыларының сөзінше, Арсен мен қарағандылық команданың бас бапкері арасында алауыздық туған.  

Хубулов "Шахтер" сапында былтырдан бері ойнап келеді. 2020 жылғы маусымда ол командаға чемпионатта төртінші болып, 2021 жылғы конференция лигасына шығуға көмектескен.

Жаңалықтар