"Шахтердің" Конференция лигасындағы қарымта ойынына тікелей трансляция

Сурет: "Шахтер" ФК

Бүгін, 10 тамызда қарағандылық "Шахтер" Конференция лигасы іріктеуінің үшінші раунды аясында өз алаңында украиналық "Колоспен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч "Астана Аренада" өтеді, басталуы 20:00-де. Qazsport ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Еске салайық, Украинада өткен бірінші кездесуде есеп ашылмай, командалар тең түскен.

Жеңіске жеткен жағдайда "Шахтер" Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шығады да, "Спартак" (Трнава) - "Маккаби" (Тель-Авив) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар