"Шахтердің" футболшылары шағымдануда. Команда ойыншылары жарты маусым жалақы алмаған

©"Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" командасының негізгі құрамының футболшылары бірнеше ай бойы жалақысын ала алмай келеді, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, футболшылар төрт-бес айдан бері жалақы алмаған. 

Сәуір айында бұл туралы қазіргі Қазақстан құрамасының бас бапкері айтқан болатын. Бірақ мәселе сол уақыттан бері шешілмеген. 

Осыған байланысты Қазақстан кубогінің соңғы турында "Астанаға" қарсы матчқа "Шахтердің" жас ойыншылары шығып, 1:7 есебімен ойсырай ұтылды. 

Ал Қазақстан чемпионатында "Шахтер" 15 ойыннан кейін 20 ұпай жинап, тоғызыншы орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: