"Шахтердің" бұрынғы ойыншысы Роджер Каньяс қазақстандық клубқа қайта келді

©"Шахтер" ФК

Колумбиялық жартылай қорғаушы Роджер Каньяс "Шахтер" командасының оқу-жаттығу жиындарына келді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

31 жастағы негізгі жартылай қорғаушы Қазақстандағы карьерасын осы "Шахтер" сапында бастаған болатын. Ол қарағандылық командамен 2013 жылы Еуропа лигасында өнер көрсетті. 

"Шахтерде" өткізген екі маусымнан кейін Каньяс "Астана" сапына ауысып, елордалық команда сапында 3,5 жыл ойнады. Кейін ол кипрлік АПОЭЛ, солигорлік "Шахтер" командаларында өнер көрсетті. Содан соң қайта Қазақстанға келіп, "Ордабасы" мен "Шахтер" сапында бағын сынады. Дегенмен соңғы бес жылда оның ойыны керемет деп айтуға келмейді. 

Өткен жылдың сәуір айында Каньяс Оңтүстік Америкаға оралып, Чилидің бірінші дивизионында ойнайтын "Бернечея" командасымен келісімшарт жасаған еді. Бірақ дұрыс ойнай алмады. 

Енді ол Қазақстанға қайта оралуға ниетті. Қазір "Шахтер" сапында дайындалуда. Осы оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша бапкерлер футболшыға қатысты нақты шешім шығарады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар