"Шахтердің" армениялық футболшысы командадан кетті

©"Шахтер" ФК

Армения құрамасының 26 ​​жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Петрос Аветисян "Шахтердан" кетті.

Аветисян қарағандылық клубқа осы жылдың ақпан айында қосылған болатын. Содан бері "кеншілер" сапында барлығы 9 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.

Бұған дейін "Шахтер" 27 жастағы беларусь қорғаушысы Александр Позняк, 29 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Кобзарь және 24 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Темур Чогадземен келісімшартқа отырған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport