Армения құрамасының 26 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Петрос Аветисян "Шахтердан" кетті.
Аветисян қарағандылық клубқа осы жылдың ақпан айында қосылған болатын. Содан бері "кеншілер" сапында барлығы 9 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.
Бұған дейін "Шахтер" 27 жастағы беларусь қорғаушысы Александр Позняк, 29 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Кобзарь және 24 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Темур Чогадземен келісімшартқа отырған еді.