"Шахтер" тағы төрт футболшысымен қош айтысты

©"Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" тағы төрт фуболшысымен қош айтысты, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "кеншілер" келісімшарты аяқталған ресейлік қорғаушы Андрей Буйволов, жартылай қорғаушы Алан Чочиев, бералусь шабуылшысы Евгений Шикавка және канадалық шабуылшы Арамис Кузинмен қош айтысты. 

Одан бөлек, клуб Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Удо Соломанды басқа командаға жіберуге дайын. Ол өткен маусымды "Атырауда" жалда өткізген еді. 

Қарағандылық команда беларусь қорғаушысы Павел Назаренко мен ресейлік шабуылшы Идрис Умаевты қатарында қалдырғысы келеді екен. 

Еске салайық, бұған дейін "Шахтер" сапынан Вук Митошевич, Ескендір Қыбырай, Михаил Бакаев және Давид Мавутор кеткен еді. Сонымен қатар, команда өз тәлімгерлері Оралхан Өміртаев пен Геворг Наджарянмен келісімшарт ұзартпады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: