Еске салайық, Қазақстан премьер-лигасының 3-ші тур матчінде қарағандылық команда Шымкентте 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Бұған дейін "Шахтер" шымкенттік команданы сырт алаңда соңғы рет 2012 жылы 19 тамызда ұтыпты (1:0), ол кезде "кеншілерді" Виктор Кумыков жаттықтырған.
Жалпы Қазақстан чемпионатында "Ордабасы" мен "Шахтер" Шымкентте 26 ойын өткізіпті: "Ордабасы" өз алаңында 14 рет ұтып, бес ойында тең түскен, ал қалған сегіз кездесуде қарағандылықтар басым болған. Голдар айырмасы 32-20 шымкенттік клуб пайдасына.
.