"Шахтер" футбол клубы босниялық жартылай қорғаушы Эдин Рустемовичпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.
Рустемович 2010 жылы кәсіпқой карьерасын босниялық "Дрина" (Зворник) клубында бастаған. Соған қоса, "Белград", "Синджелич", "Дрина Зворник", "Сараево", "Зриньски Мостар", "Тузла", "Слобода" және туркиялық "Адана Демирспор" командаларында өнер көрсетті.
"Кеншілер" сапында ол 44 нөмірімен ойнайтын болды.
Мұның алдында қарағандылықтар ганалық жартылай қорғаушы Дэвид Мавуторды да сапына қосуды жоспарлап отырғаны хабарланған. Футболшы ҚПЛ-де "Жетісуда" ойнаған.