"Шахтер" ресейлік клубты тас-талқан етті

Сурет: "Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қорытынды жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Али Алиев жаттықтыратын команда мәскеулік "Казанка" командасын 5:0 есебмен ұтты. Қарағандылықтар сапында Максим Галкин, Гидеон Баа, Ескендір Қыбырай гол салды және Павел Кривенцев дубль жасады.

"Шахтер" құрамы: Шацкий, Наджарян, Буйволов, Граф, Баа (Свиридов), Қыбырай (Джозеф), Соломон Удо, Митошевич, Кривенцев (Павлов), Балашов (Тәттібаев), Галкин.

Ал мұның алдындағы матчте "Шахтер" өзге ресейлік клуб "Шинникке" (Ярославль) 0:1 есебімен есе жіберген еді.