"Шахтер" легионеріне қатысты нақты шешім шығарды
Шыққан тегі ганалық, бірақ қазір Тажікстан құрамасында өнер көрсететін Давид Мавутор қарағандылық "Шахтер" сапында қалатын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Шыққан тегі ганалық, бірақ қазір Тажікстан құрамасында өнер көрсететін Давид Мавутор қарағандылық "Шахтер" сапында қалатын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Мавутор "кеншілер" сапында қалады. Себебі қорғаушы бапкер мен басшылардың көңілінен шыққан. Футболшының өзі де келісімшартты ұзартуға қарсы емес.
Биыл Мавутор Қазақстан біріншілігінде 15 кездесуге қатысып, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Елімізде ол 2018 және 2019 жылдар аралығында "Жетісу" командасының намысын қорғаған.
Еске салайық, "Шахтер" өткен маусымды жетінші орында аяқтады. Ал Конференция лигасында плей-офф кезеңіне дейін жетті.
Жарнама