"Шахтер" қызыл қағазбен камбэк жасады

©kazfootball.kz

Қазақстан чемпионатының кейінге қалдырылған 3-турында "Шахтер" мен "Ақсу" кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қарағандыдағы драмаға толы матчта жиналған жанкүйер алты голдың куәсі болды. Аталмыш кездесуде бір футболшыға кем ойнаған кеншілер жеңіске жетті. Есеп 4:2.

Ойынның 23-минутында Эдин Рустемович қызыл қағаз алып командасын қиын жағдайда қалдырды. Алайда 9-минутта Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашып, алаң иелері алда еді. Сәлден соң Роман Муртазаев (37-минут) есепті еселеді. Төреші бірінші таймға 7 минут қосып, 51-минутта Иван Граф командасының үшінші голын соқты. Үзілістен кейін қонақтардан Асланбек Кәкімов 59-минутта Шацкий қақпасының кілтін тапуып, есеп айырмасын қысқартты. Ал екінші таймда алаңға шыққан Еркебұлан Тұңғышбаев 81-минутта ерекшеленіп, павлодарлықтар үміт сыйлаған еді. Алайда соңғы минуттарда 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындаған Рохер Каньяс матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, жеңіске жеткен "Шахтер" 20 ұпаймен турнир кестесінің тоғызыншы сатысына көтерілді. Ал павлодарлықтар болса 17 ұпаймен оныншы орында қалды. Енді ішкі чемпионаттың келесі ойындары тамыз айының 20-жұлдызы өтеді. Оған дейін командалар Қазақстан Кубогінің топтық матчтарына көңіл бөледі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport