"Шахтер" шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбаймен келісім-шартқа отырды, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
28 жастағы шабуылшы ауыр жарақат алуына байланысты өткен маусымда алаңға шықпады. Күзде "Ордабасыдан" кеткен соң Тоқтар өзінің туған клубына оралып, жаттығу жасады.
Шабуылшының жаттығу процесінде өзін жақсы көрсеткені сонша, "кеншілер" Жаңғылышбайға келісімшарт ұсынуды жөн көрді. Қазақстандық футболшы қарағандылық клубтан кеткен Оралхан Өміртаевты алмастыруы керек.