"Шахтер" Косово чемпионынан жеңіліп қалды

©"Шахтер" ФК

Түркия жерінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан қарағандылық "Шахтер" бірінші жолдастық кездесуін өткізді. Бірінші қарсылас косоволық "Гиляни" командасы болды. 

Бұл кездесу 2:0 есебімен қарсылас команданың пайдасына аяқталды. Айта кетейік, "Гиляни" өткен жылы Косово біріншілігінің чемпионы атанған еді. 

Бұл ойында "Шахтер" екі құрамды алаңға шығарды. 

Бірінші тайм: Трофимец, Досмағамбетов, Габышев (Маляров), Хозин, Чосич, Ламанж, Каньяс, Рустемович, Назымханов, Муртазаев, Ковталюк.

Екінші тайм: Цуприков, Назаренко, Нурсейітов, Кашкен, Горизанов, Маляров (Зорич), Тюлюбай, бақылаудан өтіп жүрген ойыншы, Жаңғылышбай, Флюк (Тәттібаев).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар