Қарағандылық "Шахтер" Конференция лигасы үшінші іріктеу раундында украиналық "Колоспен" тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Украинада өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Бұл кездесуді "Шахтер" азшылықта аяқтады - 76-минутта қорғаушы Давид Атанаскоски алаңнан қуылды.
Қарымта ойын 10 тамызlf Қазақстан астанасындағы "Астана Арена" стадионында өтеді.
Мұның алдындағы екі матчте "Астана" сырт алаңда финляндиялық КуПС-пен тең түсті (1:1), ал қостанайлық "Тобыл" өз алаңында словениялық "Жилинеге" (0:1) есе жіберді.