"Шахтер" қазақстандық қорғаушымен келісімшартқа отырды

© "Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" клубы қазақстандық қорғаушы Мейрам Сапановпен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы жаңа клубта 13-нөмірмен өнер көрсетеді. 36 жастағы қорғаушы бұған дейін "Ақжайық", "Ордабасы", "Қайсар", "Каспий", "Қыран" және "Жетісу" командаларының намысын қорғаған.

Сапанов оралдық клуб сапында 299 матч өткізіп, 15 гол соқты және орталық қорғаушылар арасында ең көп ойын өткізген, сондай-ақ, ең көп гол соққан футболшы атанды.

Мейрам биылғы маусымда 17 ойынға қатысып, нәтижелі іс-әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport