"Шахтeр" футбол клубы қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкенмен келісімшартқа отырды.
Бұған дейін 22 жастағы қорғаушы мадридтік "Атлетико" мен тағы бір испаниялық клуб "Касабланка" сапында ойнаған. Ал Қазақстанда елордалық "Астана", талдықорғандық "Жетісу", қызылордалық "Қайсар" және "Ақтөбе" сынды клубтарда доп тепкен.
Димаш Қазақстан жастар құрамасында 11 кездесу өткізген.
Естеріңізде болса, футболшы желтоқсан айында "Монако" клубында қаралымнан өткен болатын.