Футбол
11 қаңтар 2022 13:55

"Шахтер" Қазақстан құрамасының шабуылшысын қатарға қосты

©"Астана" ФК

"Шахтeр" клубы Қарағанды футбол мектебінің түлегі Роман Мұртазаевпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Мұртазаев өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы "Шахтер" сапында бастаған. "Кеншілер" үшін 28 жасар футболшы Премьер-лигада 66 ойын өткізіп, 9 гол соққан. Сонымен қатар, "Ертіс", "Астана", "Тобыл" және ресейлік "Балтика" командаларының намысын қорғады. 

Роман Қазақстанның үш дүркін чемпионы, онымен қоса чемпионаттың күміс және қола жүлдегері атанды. Ел кубогін ұтып, Суперкубокті 2 мәрте иеленді. 

"Шахтер" құрамында Роман Мұртазаев 7 нөмірмен өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport