Футбол
23 желтоқсан 2021 20:39

"Шахтер" Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшартты ұзартты

©"Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айдос Тәттібаевпен келісімшартты ұзартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

 31 жастағы футболшы қарағандылық клубпен келісім-шартын 2023 жылға дейін ұзартты.

Тәттібаев "Шахтерға" 2020 жылдың жазында "Каспийден" ауысып келген болатын. Өткен маусымда Айдос команданың негізгі ойыншысына айналды. Қарағандылық клуб үшін 37 матчқа қатысып, 14 гол мен 3 нәтижелі пасты өз атына жазды және Қазақстан кубогінің үздік сұрмергені (9 гол) атанды.

Айдос биыл Финляндияға қарсы матчта Қазақстан құрамасындағы дебютін жасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport