Футбол
27 қаңтар 2021 16:23

"Шахтер" Қазақстан құрамасына үміткерді сапына қайтарып алды

Сурет: ҚФФ

"Шахтердің" бұрынғы қақпашысы әрі капитаны Игорь Шацкий "Тобылмен" келісімшартты үзіп, өз клубына оралады,- деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бір жыл бұрын Шацкий Қарағандыдан амбициясы мол "Тобыл" үшін кеткен. Алайда ол Қостанайда бірінші нөмір бола алмады. Чемпионатта алты матч қана ойнаған Шацкий 39 жастағы ардагер Александр Мокиннен қалып қойды. 

Ал қосалқы қақпашы болу Қазақстан құрамасына үміткер ойыншыны қанағаттандырмады. Осы кезде оған талантты голкипер Егор Цуприковтан  айырылып қалған "Шахтерден" ұсыныс келді. 

Шацкий командамен келісімге келіп, жақын арада Түркиядаға оқу-жаттығу жиынына қосылады.