"Шахтер" Қазақстан кубогінің финалы алдында қиындыққа тап болды

©"Шахтер" ФК

Қазақстан кубогінің финалында "Қайратпен" өтетін ойынға қарағандылық "Шахтер" командасының бірнеше белді футболшысы қатыспайтын болды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Инсайдердің ақпараты бойынша, "кеншілердің" бірнеше футболшысында ыстығы көтерілген. Олардың қатарында Михаил Бакаев пен Евгений Шикавка бар. Қазір бұл футболшылар алдағы ойынға қатыса ма, жоқ па белгісіз болып тұр. 

Сондай-ақ, Айдын Қожахмет бұл ойыншылардың барлығы коронавирус жұқтырмағанын да айтты. 

Еске салайық, Қазақстан кубогінің финалдық кездесуі 28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді. Матч 20:30-да басталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: