"Шахтер" Қазақстан кубогінде көш бастады
Футболдан Қазақстан кубогінің төртінші турында "Шахтер" өз алаңында "Жетісуды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан кубогінің төртінші турында "Шахтер" өз алаңында "Жетісуды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қарағандыдағы матчта "кеншілер" 4:2 есебімен басым түсті. Вахид Масудов ойыншыларының сапында Тоқтар Жаңғылышбай, Мейрам Сапанов, Роман Мұртазаев және Иван Свиридов көзге түссе, қонақтардан Нұрберген Нұрбол мен Еркебұлан Амангелді гол салды.
Бір қызығы, осыған дейін үш турда гол соқпаған Алмас Құлшынбаевтың шәкірттері бір матчта екі рет ерекшеленді.
D тобында төрт кездесуден кейін "Шахтер" 7 ұпаймен көш бастаса, үш ойын өткізген "Астана" 5 ұпаймен екінші сатыға түсіп қалды. "Тұран" 4 ұпай, ал жер жәннәті Жетісу өңірінің жігіттері 2 ұпаймен соңғы орынға жайғасты.
Еске салайық, турнирдің плей-офф раундына топтық кезеңде бірінші және екінші орын алған командалар шығады.
Жарнама