"Шахтер" Қазақстан Кубогінде жеті гол соқты

сурет: odds

"Шахтер" клубы Қазақстан Кубогінде ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Өз алаңында елорданың №8 БЖМОРСМ ойыншыларын қабылдаған қарағандылықтар 7:1 есебін тіркеді.

"Кеншілер" сапында Оралхан Өміртаев (16, 42 мин), Айдос Тәттібаев (19, 55 мин), Жан-Әли Пайруз (46, 59 мин) және Евгений Шикавкалар (62 мин) ерекшеленсе, қонақтар тарапынан Кәрім Смықов (83 мин) бір голмен жауап қайтарды.

Алты ұпай еншілеген "Шахтер" А тобында екінші орынға көтерілсе, №8 БЖМОРСМ топтық кезеңдегі үш матчтің барлығында жеңіліс тауып отыр. Ал жеті ұпайы бар "Ордабасы" топтың көш басында келеді.

  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар