Футбол
27 қараша 2020 16:57
 
"Шахтер" "Каспийдің" тас-талқанын шығарды

  Пікірлер

blog.share

"Шахтер" "Каспийдің" тас-талқанын шығарды Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.

Қазақстан Премьер-лигасының 21-тур матчында "Шахтер" "Каспийді" ірі есеппен жеңді, Кездесу 4:0 есебімен Қарағанды ​​клубының пайдасына аяқталды.

Үш голды бірінші таймда "Шахтер" ойыншылары соқты. Алдымен, 18-минутта есепті ресейлік жартылай қорғаушы Арсен Хубулов ашты. 27-минутта қазақстандық шабуылшы Айдос Таттыбаев есепті еселей түсті. 38 минутта Хубулов дубль жасады. Кездесудің нүктесі 89-минутта қойылды. Ақтау командасына қарсы төртінші голды қазақстандық жартылай қорғаушы Жан-Али Пируз соқты.

Үш ұпай жинаған "Шахтер" турнир кестесіндегі бесінші орыннан төртінші орынға көтеріліп, "Ордабасыны" еуропалық жарыс аймағынан ығыстырды.

Жарнама

Живи спортом!