Қазақстандық маман Григорий Бабаян қарағандылық "Шахтер" командасының бас бапкері болуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бабаянды "Шахтердің" бас бапкері ретінде тағайындалғанын Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қалап отыр.
"Шахтер" командасы соңғы екі турды бас бапкерсіз өткізді. Себебі, "кеншілердің" бас бапкері Магомед Адиев командадан кетіп, Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады.
Айта кетейік, бұған дейін Бабаянды "Тобыл" командасы қайтарып алғысы келген еді. Қазіргі уақытта 42 жастағы маман мәскеулік ЦСКА командасының бапкерлер қосынында жұмыс істейді.