Футбол
1 шілде 2021 14:12

"Шахтер" франциялық ойыншыны Еуропадан қайтарып алды

Сурет: "Атырау" ФК

Франциялық қорғаушы Абдель Азиз Ламанж румыниялық "Астра" сапынан кетіп, қарағандылық "Шахтерге" қайта қосылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Ламанж былтыр қарағандылық клубқа Конференция лигасына жолдама жеңіп алуға көмектескен. Ал ақпанда ұтымдырақ ұсыныспен "Астарға" кеткен еді. 

Дегенмен румыниялық командада ол негізгі құрамға ілікпеді де, қосалқы ойыншы болуға көндікпеді. Ал Қарағандыда тегі камерундық ойыншының оралуына қуанышты, өйткені клубтан оның позициясындағы ресейлік Евгений Гапон кетіп қалған. 

Сонымен бірге, Қазақстанда Ламанж "Атырау" мен "Қайсарда" ойнады. ҚПЛ-ге келгенге дейін ол ресейлік "Шинник" пен "Роторда" өнер көрсеткен.