"Шахтер" елордада "Қызыл-Жардан" жеңісті жұлып алды

©"Шахтер" ФК

Бүгін, 10 наурыз күні футболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында "Қызыл-Жар" мен "Шахтер" арасындағы кездесу аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өткен ойын 0:1 есебімен қарағандылық команданың пайдасына аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 80-минутта Абылайхан Назымханов соқты. 

Еске салайық, бірінші турда "Қызыл-Жар" командасы сырт алаңда "Каспийден" (0:1) ұтылған болатын. Енді үшінші кезеңде Андрей Карповичтің тәлімгерлері Қостанайда "Тобылға" қарсы ойын өткізеді. 

Ал "Шахтер" болса бірінші турда "Астанамен" 0:0 есебімен тең ойнаған болатын. Бірақ ойыннан кейін "Астана" командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Келесі турда "Шахтер" өз алаңында "Ақсумен" кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport