"Шахтер" екі футболшымен келісімшартын үзді

©kazfootball

Қарағандының "Шахтері" қорғаушы Владимир Хозин мен Абдель Ламанжбен келісімшартын үзді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мұндай шешімді кеншілердің бапкерлік штабы қабылдады.

Хозин биылғы маусымда 12 матчта алаңға шығып, бір рет нәтижелі пас берді. Ламанж болса Қарағандының басты командасында үш жыл ойнады.

Қазіргі таңда Вахид Масудовтың шәкірттері ішкі чемпионатта турнир кестесінде 20 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport