"Шахтер" черногориялық футболшыны қатарға қосты

©ПФЛК

"Шахтёр" футбол клубы черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зоричпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Зорич соңғы үш маусымын ҚПЛ-да өткізген. Алдымен жартылай қорғаушы көкшетаулық "Оқжетпесте" өнер көрсетті, кейін петропавлдық "Қызыл-Жарға" ауысты. Сонымен қатар, 28 жасар футболшы черногориялық "Сутьеска" мен "Челикте", сербиялық "Чукарички", "Борац", грекиялық АЕК-те доп тепкен.

Өткен маусымда черногориялық ойыншы петропавлдық клуб жейдесінде 20 матч өткізіп, 7 гол соққан және 6 нәтижелі пастың авторы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: