Футбол
21 қараша 2020 15:10

"Шахтер" "Астананы" жеңіп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды

Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 19 турында "Астананы" еш қиындықсыз жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды "Шахтер" ойыншысы Руслан Мингазов соқты. 24-минутта Сергей Зенёв командасының екінші голын соқты. Бір қызығы, екі гол да бір сценарий бойынша соғылды. 69-минутта Еркін Тапалов есепті 3:0-ге жеткізді. Ал "Астана" сапынан жалғыз голды соңғы минутта Дидар Жалмұқан соқты.

Бұл жеңістен кейін "Шахтер" 26 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Бір ұпайы көп "Астана" төртінші орынға жайғасты