Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты

©instagram.com/kmff.kz

Шағын футболдан Біріккен Араб Әмірлектерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты. Отандастарымыз 1/8 финалда Мексика елінің футболшыларын ұтты. 

Ойында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 2:1 есебімен басым болды. Александр Кислицын мен қақпашы Александр Рушинас соққан голдар құрамаға жеңіс сыйлады. 

Айта кетейік, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, БАӘ құрамасы 2:1 есебімен ұтқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: