"Шабуылшылары мықты". "Омония" бапкері "Қайратпен" алдағы ойын жайлы

15 қыркүйек 2021 21:20
© "Омония" ФК

"Омонияның" бас бапкері Хеннинг Берг Конференция лигасындағы "Қайратпен" алдағы ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Қайраттың" ойындарын көрдік, олар өз лигасының чемпионы. "Маккаби" мен "Црвена Звездаға" қарсы матчтерін зерттедік, алда ауыр кездесу күтіп тұр. Турнирде кез келген ойын маңызды. Алдағы матчте кімнің басымдығы барын айту қиын. Рейтингте олар жоғары. 

"Кайраттың" мықты тұсы - шабуылшылары жақсы, олар бізге қауіпті болуы мүмкін. Қорғанысқа да трансфер жасады, физикалық дайындығы да жаман емес. 

Шепович неге жоқ? Ол өзін нашар сезінуде. 

Қазақстан туралы не білемін? Владимир Смирновты, ұлы шаңғышы", - дейді норвегиялық маман. 

Еске салайық, "Қайрат" - "Омония" матчі 16 қыркүйек Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, басталуы - 20:30. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport